Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак студенттері дінтану мамандығы бойынша ХІ Республикалық олимпиада жеңімпазы

01/04/2019

 

Дінтану мамандығы бойынша еліміздегі 6 белді университеттегі болашақ дінтанушылар арасында өтетін студенттік олимпиадада биыл Нұр-Мүбарак университеті жеңіс тұғырынан көрінді. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен «Дінтану» мамандығы бойынша ХІ Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың «Дінтану» секциясына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – 2 команда, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ – 2 команда, Қ.А. Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінен – 2 команда, Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университетінен – 1 команда, Шет тілдері және іскерлік карьера университетінен – 1 команда, Нұр-Мүбарак ЕИМУ – 2 команда, барлығы 10 команда сайысты. Әр университеттен келген ғылыми жетекшілер мен дінтану саласының ғалымдарынан құралған арнайы комиссия жас дінтанушылар арасынан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарларды түрлі сынақтар арқылы бағалады.

 

Үш тур бойынша бағаланған білім сайысында Нұр-Мүбарак ЕИМУ университетінің дінтану кафедрасының PhD, доценті Дүйсенбаева Альбина Құрақбайқызының ғылыми жетекшілігімен 4-курс Карсембаева Жадыра, 3-курс Әбіш Ерхан, 2-курс Ануарбек Еркежан сынды дінтанушы студенттерден құралған «Эволюция» командасы жеңіс тұғырынан көрінді. Топбасшы студент Әбіш Ерхан жеке номинация бойынша 10-команда арасынан 1-орын иеленіп, келесі олимпиада өткізу эстафетасы Нұр-Мүбарак университетіне табысталды. Ал топтық номинацияда «Эволюция» дінтанушылар командасы жүлделі 2-орынды олжалады.

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар