Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

„Нұр-Мүбарак„ студенттері футболдан 1 орын жеңіп алды

02/05/2017

Оңтүстік астанада Қазақстан халқы бірлігі күніне орай Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында „Қазақстан — біздің ортақ үйіміз„ атты ерекше спорттық акция өтті. Себебі, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының „Сараптама және зерттеу орталығы„ ұйымдастырған бұл шара аясындағы футбол сайысына түрлі ұлттар мен дін өкілдері қатысты. Нақтырақ айтсақ, Нұр-Мүбарак студенттерінен құрылған „Ас-Салам„ командасы, Медресе жастары, үндістан-пәкістандықтардың „Индиан„ футбол командасы және Православ шіркеуінің өкілдерінен құрылған команда доп қуалау мен салауатты өмір салтын ұстанулары бәйгеге түсті деуге болады.

Футбол жарысы нәтижесінде 1 орынды „Ас-Сәләм„ командасы жеңіп алды.

Ал команда мүшесі студент Ернат Алибаев „Ең үздік қақпашы„ номинациясын әрі арнайы „Алғыс хатпен„ марапатталды. Сондай-ақ „Алғыс хат„ айрықша белсенділігі үшін студентіміз Ержан Пернебековке табысталды. Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, дене шынықтыру пәнінің ұстазы, спорт шебері Айдар Иманбаев:

„Нұр-Мүбарак„ оқу кешеніндегі спорттық алаңдар бізде еш бос болмайды. Студенттер сәл уақыттары болса, өзара сайыстар ұйымдастырып, футбол ойнап, салауатты өмір салтына ерекше көңіл бөледі. Сондықтан бұл жеңіс те балалардың уақытты тиімді пайдалана білулерінің жемісі,-деп ризашылығын білдірді.

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың „Сараптама және зерттеу орталығы„ басшысы міндетін атқарушы Бердібек Тұрабаевтың өзі жеңімпаздарды марапаттап, Халықтар бірлігі мерекесімен құттықтап, барлық қатысушыларға ізгі тілектерін жаудырды.

Ұқсас жазбалар