Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак студенттері ислам банкингінің қыр-сырымен танысты

08/11/2019

Қоғамға пайдалы ислам экономикасы, қаржы жүйесін іске асыру жаңа буынның еншісіндегі жағдай болғандықтан Нұр-Мүбарак университеті мен «Astana International Financial Centre Authority» JSC халықаралық қаржы орталығының мамандары студенттерге арнап арнайы семинар өткізді. Ислам банкингі әлемдегі қаржы нарығында небәрі 1 % құраса да ең сенімді жүйе екендігін дәлелдеп, дамып келеді. Сондықтан Нұр-Мүбарак университетінің басшылары исламтанушы, дінтанушыларды қаржы саласындағы ислам банкингінің ерекшеліктері жайлы студенттер ақпараттандыруда жөн санады. Бұл әрі студенттерге қаржы мекемелерінде жұмыс істеуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

Ислам шариғатын әртүрлі қаржыландыру, инвестиция салаларында іске асыру жөнінде мәлімет беретін бұл жиынға университет ректоры профессор Мухаммад әл-Жинди, «әл-Хилял» банкінің Шариғат Кеңесінің үйлестірушісі және супервайзері Махмадрузи Шоев, AIFC супервайзер Жанат Қазбек, «Әл Сакр Финанс» орталығының өкілі Әділбек Рысқұлов қатысты. Студенттер мен басқа да тыңдаушыларға спикерлер ислам шариғатының шынайы өмірде жүзеге асу жолдары жайлы айтты. Осы арқылы ислам тек ғибадат қана емес, адамдарға күнделікті өмірде пайдалы, өмір сүру салты екендігін тағы нақтылай түскендей.

Кездесу барысында спикерлер мен студенттер арасында қызықты диалог орнады, тыңдаушылардың көпшілігі ислам қаржысы жөнінде ұйымдастырылатын жобаларға қатысуға ниеттерін білдірді. Осылайша қазіргі уақытта сұранысқа ие бола бастаған қаржы орталықтарындағы «шариғи кеңесші» немесе Ислам қаржысы курстары арқылы дін мамандарының қызмет ету аясын артыруға мүмкіндіктері арта түспек.

 

 

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар