Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак студенттері қосымша дәріс бойынша араб тілінен озық нәтиже көрсетті

13/01/2020

 

 

Әлемде  қолданылу жағынан  бесінші орынды еншілеген әрі Құран мен ғылым тілі – араб тілін үйрену Нұр-Мүбарак университеті студенттері үшін аса маңызды білім белестерінен. Осыған орай, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде негізгі дәрістерден бөлек араб тілі грамматикасынан қосымша сабақтар жүйелі түрде ұйымдастырылып тұрады. Оқу ордасының Тәрбие және әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі Байзақ Мақсат мырзаның ұйымдастыруымен жалпыға белгілі, араб тілі грамматикасын аталмыш тілде бастаушыларға таптырмас еңбек болып табылатын Ибн Ажуррумның «Аджрумия» кітабының түсіндірмесі «Ат-тухфа ас-сания» кітабынан қосымша сабақ өз мәресіне жетті. Өткен жылдың қараша айында басталып, қысқы демалыс кезінде ұйымдастырылған қосымша сабақ барысында тәмамдалған бұл дәріске 44 шәкірт үздіксіз қатысып отырды.

Сондықтан шәкірттердің жинаған білімдерін сарапқа салып, ынталандыру мақсатында қаңтар айындағы демалыс күндерінде аталған кітаптан емтихан өтіп, шәкірттер жоғары дайындықтарымен тәнті етті.

Емтихан соңында ұстаз Байзақ Мақсат талапты шәкірттерге сәттілік тілеп, ілім жолындағы ізденістерінің жемісті болуын тіледі. Университет шәкірттері арасында тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан қосымша дәрістер студент білімін жан-жақты дамытуға өз септігін тигізетінін атап өтті.

Ұйымдастырушылар суденттердің біліктілігін жетілдіруге бағытталған бұл оқу үдерісі ары қарай жалғасын табатындығын жеткізді. Шәкірттер де білім сайысының жеңімпаздарына қызығушылық танытып, болашақта жеңіс тұғырынан көрінуге талпыныс жасайтындарын аңғартты.

Ия, адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы жеткен. Оны жеткізу қашанда білімді ұрпақтың үлесіне тисе, бұл тұрғыда Нұр-Мүбарак университетінің студенттері жан-жақтылығымен қоғамға ғана емес, болашаққа өз үлестерін қосуға біліммен қарулануда.

 

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар