Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак студенттері қосымша дәріс бойынша  «Мухтасар Әль-Қудури» баптарынан білімдерін сарапқа салды

30/12/2019

 

Оқу жылының басынан бастап негізгі білімге қосымша дәрістер Нұр-Мүбарак студенттерінің біліміне білім қосуда.  Ханафи мәзхабының ғалымы Ахмад ибн Ахмад аль-Қудуридің  «Мухтасар Әль-Қудури»кітабының «Сауда» және «Неке» баптарына тиісті «Тайсир әль-Қудури» кітабынан мәресіне жеткен қосымша сабақтың нәтижесін бағалау үшін Нұр-Мүбарак университетінің жатақханасында арнайы сынақ өтті. Барлығы 40 шәкірттің білімін Талғар дайындық курсының жетекшісі Ғабит Жұмаханұлы мен Тәрбие және Әлеуметтік даму бөлімінің бас маманы Шимтемір Мейрамбек срапқа салып, өте жоғары бағалады.

Дегенмен білім сайысында қатарынан оқ бойы озық болған Малкаждаров Абылайхан  1-орын иеленсе, 2-орын Сафиуллин Жансұлтанның еншісіне бұйырды. Ал 3-ші орынды Қасым Махмуд қанағат тұтты. Сайыс жеңімпаздары мен емтиханға қатысушылардың барлығын университет проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев арнайы құттықтап, білім ізденушілерге насихатын айтты. Сондай-ақ  шәкірттерді диплом, сертификаттармен марапаттап, қаржылай сыйлықтар да табыстады.

Университеттің Тәрбие және Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі Байзақ Мақсат студенттердің біліктілігін жетілдіруге бағытталған бұл оқу үдерісі ары қарай жалғасын табатындығын жеткізді. Шәкірттер де білім сайысының жеңімпаздарына қызығушылық танытып, болашақта жеңіс тұғырынан көрінуге талпыныс жасайтындарын аңғартты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар