Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы

09/12/2017

 

 

 

Сыбайлас жемқорлық кез келген қоғамды іштен ірітетін әлеуметтік індет. Сондықтан бұл қоғамдық кеселге қарсы Халықаралық  жемқорлықпен күрес күніне орай Нұр-Мүбарак университеті студенттері арасында ашық сабақ өткізілді. Университеттің Дін және тәрбие бөлімінің маманы Мейрамбек Шынтеміров жастармен ашық сұқбаттасып, осы салада елімізде атқарылып жатқан нақты іс-шаралармен таныстырды. Студенттер де өз ойларын ортаға салды. Бұл дәстүрлі шара Алматы қаласы жоғары оқу орындары студенттеріне «Бірегей сыбайлас жемқорлық сағатын» ұйымдастыру жоспарына негізделген болатын. Себебі сыбайлас жемқорлық зардаптарын студенттерге жан-жақты түсіндіру оларды болашақ маман ретінде ой-санасында таза қоғам қалыптастыруға деген құлшыныс қалыптастырады деген сенім мол.

 

Сыбайлас жемқорлық дамушы елдерде жиі кездесетін әлеуметтік сананың мешел көрінісі. Сондықтан  2003 жылдың 21 қарашасында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 9 желтоқсанды Халықаралық жемқорлықпен күрес күні етіп жариялаған болатын. Еліміз де бұл салада нақты қадамдар жасап, жемқорлық, парақорлықтың тамырына балта шабу мақсатында ҚР-ның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін (ҚР МҚІСЖҚІҚА) құрды. Елбасының  2014 жылғы 26 желтоқсандағы Жарлығымен ҚР-ның  2015-2025 жылдарға арналған Жемқорлыққа қарсы, яғни Антикоррупциялық стратегиясы бекітіліп, 2015 жылғы 18 қарашада ҚР «Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы қабылданды.

Нұр-Мүбарак университеті де осы ел болашағына қарқынды үлес қосу жолында ҚР МҚІСЖҚІҚА Алматы қаласы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру мен мәдениетті қалыптастыру мақсатында дәстүрлі түрде іс-шаралар атқарып келеді. Бұл студенттердің діни білімдерін қоғамдағы нақты іс-шаралармен сабақтастыруда септігі мол болмақ.

 

 

 

Ұқсас жазбалар