Нұр-Мүбарак университеті Астанадағы қайғылы жағдайға көңіл айтады

04/02/2019

  Астана қаласында бес бірдей бүлдіршіннің өмірін қиған оқиғаға байланысты Нұр-Мүбарак университеті ата-ана, туыстарына...

 

Астана қаласында бес бірдей бүлдіршіннің өмірін қиған оқиғаға байланысты Нұр-Мүбарак университеті ата-ана, туыстарына көңіл айтып, Алланың рахымын тілейді.  «Бір отбасының бес бірдей перзентінің отқа біздің де қабырғамызды қайыстырып отыр. Барлығымыз Алладан келдік және Оған ораламыз. Алладан сабыр тілеп, қайғының арты жақсылықпен толтырылсын»,-дегіміз келеді.

ҚР ТЖК мәліметінше, түнгі 02:34 уақытында өрт туралы хабар келіп түскен. Оқыс оқиға Астана қаласы Сарыарқа ауданында болды. Жалын 30 м/шаршыны қамтыды. Өрт сөндірушілер құтқару кезінде оқиға орнынан 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған балалардың мәйіті табылған. Олардың ата-аналары жұмыста болған. Өртті сөндіруге жеке құраммен 17 адам, ТЖК-нің 5 техникалық құралы және 4 адам жұмылдырылған.