Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

„Нұр-Мүбарак„ университеті мемлекеттік аттестациядан мүдірмей өтті

11/05/2017

«5В020600 – Дiнтану» мен «5В011900–Шетел тiлi: екi шет тiлi» ( араб-ағылшын, ағылшын-араб тiлдерi) мамандықтарына сәйкес „Нұр-Мүбарак„ университетіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім саласындағы бақылау комитеті арнайы мемлекеттік аттестация өткізді. Дінтану мен шет тілдеріне қатысты беріліп жатқан білім деңгейі мен сапасын жан-жақты тексеріп, саралаған комиссия мүшелері университет қызметкерлерінің жұмысын жоғары бағалады. Осылайша аталған қос мамандық бойынша білім беруді жалғастыруға рұқсат берілді.

Университет басшылығы бұл жетістік үшін  оқу-әдістемелік бөліміне, кафедралар, оқытушы-ұстаздар мен қызметкерлерге зор алғыстарын білдіріп, сәттілік тіледі.

Дәл осындай мамандандырылған мемлекеттік аттестация осыдан бұрын „Исламтану„ мамандығына да жүргізілген болатын. Оқытушы-профессорлар құрамы, оқу жоспарлары мен бағдарламалары, оқу-технологиялық базалары мен қосымша дәрістер барлығы тексерушілер назарынан тыс қалмақ емес. Сондықтан, бұл мемлекеттік аттестациялар «5В020600 – Дiнтану», «6М021500 — Исламтану» мен «5В011900–Шетел тiлi: екi шет тiлi» ( араб-ағылшын, ағылшын-араб тiлдерi) мамандықтарын таңдаушы талапкерлерге „Нұр-Мүбарак„ университетін сеніммен таңдай беруге болатынына кепілдік.

Ұқсас жазбалар