Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университеті бір топ білікті оқытушы-профессорлармен толықты

08/10/2019

Студенттер саны жыл сайын еселенген Нұр-Мүбарак университетінің оқытушы-профессорлар құрамы да артып келеді. Ұстаздар күніне арналған салтанатты жиында  университет проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев  бұл жайлы толығырақ  хабарлады. Кез келген жоғары оқу орыны үшін профессорлық-оқытушылар құрам маңызды болғандықтан, еліміздегі ең беделді оқу орындарынан таңдаулы ғалым-ұстаздарға ұсыныс жасалып, олар да қабыл алған. Мәселен, көне қолжазбалардан  «қазақ» сөзінің нақты мағынасын ашқfн Қалдыбай Арыстанбекұлы, арабист ғалым Рашит Мұхитдинов, дінтанушы ғалым Дамира Сихимбаева, т.б. барлығы 15 ғалым-оқытушылар келді.

Ал Египет Араб республикасынан  6 ғалым келісімшартпен жаңадан қатарға қосылуда. Студенттердің білімге деген құштарлығын  арттырып, ғылымға баулуда ұстаздардың  маңызына тоқталған проректор Қайрат Құрманбаев  ОПҚ арасында  рейтинг анықтауда үздік 10-дыққа Алғыс хат жариялап, ал алғашқы үштік  құрамына қаржылай сыйақы табыстап, мерейлерін үстем етті.

Мерекелік құттықтауда ректор, профессор Мухаммад әл-Жинди студенттердің білімін  ғана емес, тұлғалық қабілеттерін арттыру жолындағы  ақыл-кеңесін де аямады: Ұстаздарсыз мемлекеттің дамуы екіталай. Сондықтан ұстаз білім беріп қана қоймай, барынша жеңіл түсіндіре білуі керек. Әрбір шәкіртті ойлануға үйретіп, өз ойын жеткізе білу, жаттандылықтан  сақтану қажет,-деді.

«Еліміздегі тарихы тереңде жатқан ең ірі әрі беделді оқу ордаларының тізімінде  жас болса да Нұр-Мүбарак университетінің болуы мені қуанышқа бөледі», — деп  елордадағы алқалы жиыннан оралған Оқу-әдістемелік басқарма басшысы  Жалғас  Сандыбаев ұжымға жүрекжарды  қуанышын сүйіншіледі.  Университеттің жетістіктері мен жаңа жобаларға да тоқталып, әріптестерін мерекемен құттықтап өтті. Ал проректор Қайрат Құрманбаев  ұжымға жаңадан қосылған  ғалымдарды келесі рейтингтік зерттеуде жоғары нәтиже көрсетеді деген сенімін білдірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар