• Бас бет
  • Жаңалықтар
  • «Нұр-Мүбарак» университеті ғалымдары ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің XIV мәжілісінде

«Нұр-Мүбарак» университеті ғалымдары ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің XIV мәжілісінде

15/11/2016

Бүгін Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен Ғұламалар...

Бүгін Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен Ғұламалар Кеңесінің жұмысы басталды,-деп хабарлайды  www.muftyat.kz

Ғұламалар кеңесінің кезектен тыс отырысына  университетіміздің проректоры, профессор Шамшәдин Керім, Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығының директоры, доктор Алау Әділбаев, доктор Мұхитдин Исаұлы, докторант  Ерсін Әміре мырзалар қатысуда. Сондай-ақ  ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров, ҚР МСМ Дін істері комитеті Дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығы Исламды зерттеу бөлімінің басшысы Мұхан Исахан, Алматы қаласының бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет және өзге де дін ғалымдары мен теологтар қоғамдағы діни өзекті мәселелерді талқылауда.

«Бүгінде Ғұламалар Кеңесі қоғам және жастардың арасында туындаған діни мәселелерге дер кезінде жауап беріп, пәтуалар қабылдап, маңызды жұмыс атқарып келеді. Кеңес жұмысының еліміздегі діннің, руханияттың дамуы мен болашағы үшін маңызы өте зор. Дін — тағылым-тәрбиенің сарқылмас даналық көзі. Ғұламалар кеңесі осы асыл құндылықтарды жүйелеп қоғамға жеткізу бағытында талмай қызмет етіп келеді» , – деп түйді Бас мүфти.

 

Мәжіліс барысында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы пәтуа шығаруға байланысты өзекті тақырыптар бойынша ұсыныс-пікірлерді тыңдады. Ғұламалар үш күнге созылатын кеңесте мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетудің үкімі, Құрсақ ана (суррогат ана) болудың шариғаттағы орыны, спираль қоюдың үкімі, құрсақ ана болудың шариғаттағы үкімін талқылап, пәтуа шығарады.

 

240375_147919041

444628_1479190472

 

 

998844_1479190473

194737_1479190474

 

593942_1479190471_890_530_0

 

154311_1479190476

 

366631_1479190471_890_530_0