Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университеті халықаралық деңгейдегі ғылым саласында жаңа мүмкіндікке ие болды

28/05/2020

Құрметті Нұр-Мүбарак университетінің магистрант, докторант және профессор-оқытушылар құрамы!

Web of Science және Scopus халықаралық деректер базасы Нұр-Мүбарак университетінің IP мекен-жайы бойынша қолжетімді екендігін хабарлаймыз.

Web of Science және Scopus мәліметтер қорынан осы базаға кіретін журналдардың рейтингін, хирша индексін, процентилін, квартилін және жеке автордың жарияланған мақалалары туралы мәліметтерді алуға Нұр-Мүбарак университетінде жағдай жасалып отыр.

Scopus  – рецензияланатын әдебиеттердің ең ірі рефераттық және анықтамалық деректер базасы: ғылыми журналдар, кітаптар және материалдар конференциялар. Гуманитарлық ғылымдар және өнер, әлеуметтік ғылымдар, медицина, техника, ғылым, әлемдегі зерттеу нәтижелерін жан-жақты шолуды ұсынады. Scopus іздеу, талдау және визуализациялау зерттеулер үшін интеллектуалдық құралдарға ие.

Web of Science Core Collection – әлемдегі ғылыми дәйексөзінің жетекші дерек қоры, Clarivate Analitics (бұрын Tomson Reuters) серіктестігі библиометрикалық өнімдерінің өзегі болып табылады.  Web of Science Core Collection конференциялар және  ғылыми журналдар, кітаптар, сериялы кітаптар, есептерден, жиналатын мыңдаған ақпаратты қамтитын, тоғыз көрсеткіштерден тұрады.

Тіркелу бойынша толық ақпаратты Сапа Менеджмент бөлімінен алуларыңызға болады.

Ұқсас жазбалар