• Бас бет
  • Жаңалықтар
  • Нұр-Мүбарак университеті Қазақстанның перспективалық зерттеулер институтымен меморандумға қол қойды

Нұр-Мүбарак университеті Қазақстанның перспективалық зерттеулер институтымен меморандумға қол қойды

18/06/2019

Қазақстанның перспективалық зерттеулер институтының  директоры  Джон Свини мырзаны Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мухаммад әш-Шаххат...

Қазақстанның перспективалық зерттеулер институтының  директоры  Джон Свини мырзаны Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жинди арнайы қабылдады. Қос тараптағы басты мақсат: білім мен ғылым саласында әріптестік орнатып, ынтымақтастықпен өз үлестерін қосу.

Джон Свинидің Нұр-Мүбарак университетіне алғаш келуі, ол болашақ  бірлескен жобалар жасау арқылы жалпы білім, ғылым саласына жемісті жобалар жасауға үміті зор екендігін жеткізді. Ректор, профессор Мухаммад әш-Шаххат университеттің дін саласындағы маман даярлау ерекшеліктерімен қатар ғылым саласындағы жетістіктеріне де тоқталды. Осылайша қос тарап жан-жақты сұхбаттан кейін ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Бұл келісім бойынша, гуманитарлық, әлеуметтік ғылымдармен ғана шектелмеу, оқытушы-профессорлардың біліктілігін арттыру, жаңа білім бағдарламаларын жасап, жүзеге асыру, академиялық кездесулер мен симпозиумдар ұйымдастыру, т.б.ғ яғни білім, ғылым саласына қатысты мәселелер қамтылған. Кездесу барысында қазақы дәстүрмен құрметті қонақтарға естелік ретінде ұлттық нақыштағы сыйкәде жасалып, суретке түсіп, өзара ілтипат танытты. Құрметті қонақтар Нұр-Мүбарак университетімен жақынырақ танысып, тыныс-тіршілігі мен атқарып жатқан жұмыстарына, орналасқан жеріне, жалпы оқу кешеніне дән ризашылықтарын да ашық жеткізіп жатты.