• Бас бет
  • Жаңалықтар
  • «Нұр-Мүбарак» университеті  мен  Алматы  облысы арнайы меморандумға қол қойды

«Нұр-Мүбарак» университеті  мен  Алматы  облысы арнайы меморандумға қол қойды

27/09/2016

Алматы блысында 16 аудан және 3 қала орналасқан. Сондықтан, аймақта жат ағымдарға қарсы тұру мақсатында еліміздегі исламтанушылар мен дінтанушыларды даярлаушы әрі дін ғалымдарың басын қосқан Нұр-Мүбарак университетімен бірлесіп қызмет ету өзекті болып қала бермек.

                       jetisumem1

 

Бүгін «Алматы облысы дін істер басқармасы» Мемлекеттік мекемесінің басшысы  Рахмет Есдәулетов бастаған делегация  Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіне арнайы келді.  Жер жәннаты Жетісу өңірінен келген қонақтарды жылы қарсы алған университет ректоры, профессор Жуда Абдулғани Басюни   оқу орнының тыныс-тіршілігімен таныстырып өтті. Рахмет Есдәулетов мырза да «Нұр-Мүбарак» университетімен бірлесе еңбек етудің маңыздылығына тоқталып өтті.

Жетісулық қонақтардың  негізгі мақсаты екі жақты әрекеттестік туралы меморандумға қол қою. Себебі қазір Жетісу өңірі еліміздегі ең халқы көп аймақтардың бірі болса, әрі халықтың тығыз орналасуы да түрлі діни  ағымдардың  шоғырлануына қолайлы. Яғни Алматы блысында 16 аудан және 3 қала орналасқан.  Сондықтан, аймақта  жат ағымдарға  қарсы тұру мақсатында еліміздегі  исламтанушылар мен дінтанушыларды даярлаушы әрі дін ғалымдарың басын қосқан  Нұр-Мүбарак университетімен бірлесіп қызмет ету өзекті болып қала бермек.

Меморандум  «ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» ҚР Президентінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі №648 Жарлығын және ҚР басқа да нормативтік –құқықтық актілерін басшылыққа ала отырып жасалды.

Тараптар  діни қызмет саласында өзара әрекетессе отырып, меморандум аясында көзделген шараларды бірлесіп іске асырмақ.

Кездесу барысында Рахмет Есдәулетов мырза Жетісудің көрікті жерлері туралы кітапты ректор Жуда Басюниге сыйға ұсынып, екі тарап естелік суретке түсті.

 

jetisumem2

 

jetisumem4

 

jetisumem5

 

jetisumem6

 

jetisumem7