• Бас бет
  • Жаңалықтар
  • «Нұр-Мүбарак» университеті Республикалық  «Балдаурен»  Орталығымен меморандумға қол қойды

«Нұр-Мүбарак» университеті Республикалық  «Балдаурен»  Орталығымен меморандумға қол қойды

26/05/2016

Менің бұл университетті таңдауым, мұнда нағыз иманды, салауатты, Отанын сүйетін жастар тәрбиеленіп жатқаны сөзсіз. Сондықтан, жазғы маусымда «Балдәуренге» демалысқа келген балаларға «Нұр-Мүбарак» университетінің студенттері мықты тәрбие жұмыстарын жасай алатындығына сенемін,-деп «Балдәуреннің» директоры Мұхитден Төлепбай мырза бүкпесіз өз ойымен бөлісті.

memBal1

 

«Нұр-Мүбарак» университетінің  студенттері өндірістік-тәжірибені енді Көкшетаудағы Республикалық «Балдәурен»  балаларды сауықтыру орталығында  тәрбиеші ретінде  өткізуге мүмкіндік  пайда болды. Бұған университет ректоры доктор, профессор Жуда Басюни  мен   «Балдәурен» РБСО  директоры Мухитден Төлепбаевтың өзара ынтымақтастық меморандумына  қол қоюуы жол ашты.

Аталған құжат бойынша  жастар тәрбиесіне қатысты  өзара ынтымақтасу, мамандармен алмасу, жастар тәрбиесіндегі тәжірибелермен бөлісу, балаларды  патриоттыққа баулу, салауаттық пен мәдениеттілікке, отбасындағы өзара түсіністік мәселелерін түсіндіру, тәлім-тәрбие, имандылыққа тәрбиелеу сынды  мәселелерде бірлескен жобалармен жұмыс жасау қарастырылған.

  • Менің бұл университетті таңдауым, мұнда нағыз иманды, салауатты, Отанын сүйетін жастар тәрбиеленіп жатқаны сөзсіз. Сондықтан, жазғы маусымда «Балдәуренге» демалысқа келген балаларға «Нұр-Мүбарак» университетінің студенттері мықты тәрбие жұмыстарын жасай алатындығына сенемін,-деп «Балдәуреннің» директоры  Мұхитден Төлепбай мырза бүкпесіз өз ойымен бөлісті.

Сондай-ақ университет қызметкерлері үшін де қуанышты жаңалық,   «Балдаурен» балалар орталығы  қызметкер-ұстаздардың балаларына арнап жыл сайын тегін жолдама бермек.

 

 

memBal2