Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университеті тегін маскалар таратты

17/04/2020

Нұр-Мүбарак университетіндегі «Білім-Қазына» қоғамдық қорының қолдауымен Тәрбие істері және әлеуметтік даму департаментінің маманы Гульвира Заурбекова «Шебер» тігін үйірмесінің ерікті қыздарымен маска тігу жұмыстарын жүзеге асыруда. Қазіргі таңда үйірме еріктілері екі күннің ішінде 200-ге жуық маска тігіп шықты. Оның 100-ге жуығын Нұр-Мүбарак университетінің қызметкерлері арасында тегін таратып үлгерді.

Г.Заурбекова  халықты коронавирус індетімен бірге күресуге шақыра отырып, маска тігу жұмыстары әрі қарай жалғаса беретіндігін  хабарлады.

 

Ұқсас жазбалар