• Бас бет
  • Жаңалықтар
  • «Нұр-Мүбарак» университеті  Ұлттық  спорт түрлерінен ЖОО арасында жеңімпаз!

«Нұр-Мүбарак» университеті  Ұлттық  спорт түрлерінен ЖОО арасында жеңімпаз!

10/11/2016

Нұр-Мүбарак университеті 20 университет арасында 3-ші орынға ие болды.

 

Нұр-Мүбарак университетінің студенттері салауатты өмір салтын  ұстануды насихаттап қана қоймай, өздерінің жан-жақтылығымен топ жарып келеді. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне орай  «ALMATY  youth AWWARDS»  жобасымен ЖОО студенттері арасында Ұлттық спорт түрлерінен қалалық жарыс өтті. Қазақ спорт және туризм академиясында өткен сайыс бағдарламасы бойынша қазақ күресі, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, асық ату, қол күрестен  Алматы қаласындағы 20 университет студенттері намыстарын ортаға салды.

ulttiksport2016-0

 

Нәтижесінде біздің университет командасынан Бақытжан Бектияров қазақ күресінен 3-ші орын, Мұхаммедияр Бөлтірік асық атудан 3-ші орын, Арқан тарту сайысына  Садин Қожа Шахобов, Жамбыл Аллияров, Заманбек Рахатов, Сымбат Оразалиевалардан құралған команда 3 орынды місе тұтты. Осылайша жалпы командалық есеппен Нұр-Мүбарак университеті 20 университет арасында  3-ші орынға ие болды.

Біздің жеңімпаз жастарға жетекшілік еткен университетіміздің Жалпыгуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары спорт шебері Алтынай Балтина мен аға оқытушы Айдар Иманбаевтар.

Жарайсыңдар, жеңіс құтты болсын, жеңімпаз студенттер!

ulttiksport2016-1

ulttiksport2016-3

 

ulttiksport2016-4

ulttiksport2016-5

 

ulttiksport2016-2

ulttiksport2016-7

 

ulttiksport2016-8

 

ulttiksport2016-9

 

ulttiksport2016-6