• Бас бет
  • Жаңалықтар
  • Нұр-Мүбарак университеті Үшқоңыр медресесімен маңызды екі құжатқа қол қойды

Нұр-Мүбарак университеті Үшқоңыр медресесімен маңызды екі құжатқа қол қойды

20/03/2018

    Еліміздегі орта арнаулы діни мамандарды даярлайтын 9 білім шаңырағының бірі Алматы облысындағы...

 

 

Еліміздегі орта арнаулы діни мамандарды даярлайтын 9 білім шаңырағының бірі Алматы облысындағы «Үшқоңыр» медресе-колледжіне қатысты басшылар Нұр-Мүбарак университетіне арнайы ат басын тіреді. Ректор, профессор Жуда Басюни медресе директоры Абзал Амиров пен ҚМДБ-ның Алматы аймағы бойынша өкіл имамы Қуаныш Наржанов мырзаларды арнайы қабылдап, білім саласына байланысты біршама мәселелерді талқылады.

Кездесу аясында екі құжатқа қатысты жағдайлар жан-жақты таразыланды. Атап айтсақ, екі жақтың кітапханасына шәкірттердің емін-еркін қолдануына келісімшартқа отырып, ғылыми-педагогикалық әріптестікті дамыту жолында ҚМДБ-сы құрылымына, мешіттер мен діни оқу орындарына педагогтық бағыт бойынша да заманауи ғылым мен тәжірибеге негізделген мамандар даярлауда ынтымақтастық таныту. Ол үшін Нұр-Мүбарак университеті ислам ғылымына қатысты өзекті мәселелер төңірегінде дәріс беретін тиісті кәсіби мамандармен қамтамасыз етіп, әріптестік тараптардың тапсырмасына сай ғылыми-педагогикалық зерттеуді басқару мен кеңес беруді ұйымдастыру және т.б. яғни білім мен ғылым саласын дамытуға тиесілі сан-салалы жақтарды қамту. Осындай өзекті мәселелер құжатқа түсірілді. Кездесу соңында Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Жуда Басюни мен «Үшқоңын медресе-колледжінің» директоры Абзал Амиров кітапханаға қатысты ортақ келісімшарт пен оқу орындарына қатысты меморандумға қол қойды.

Енді осы құжаттар аясында білікті мамандар даярлап, еліміздегі дін саласын дамытуда жаңа бір тыныс ашылды деп есептейміз.