„Нұр-Мүбарак„ университеті жалпы сенбілікке шықты

15/04/2017

Сенбілік мақсаты тазалық қана емес, бірлік, еңбек пен салауат, қоршаған ортаны аялау сынды қоғамды...

senbi2017 1

Сенбілік мақсаты тазалық қана емес, бірлік, еңбек пен салауат, қоршаған ортаны аялау сынды қоғамды ізгілікке бастайтын құндылықтарды қамтитыны белгілі. Сондықтан, „Нұр-Мүбарак„ университеті проректор, профессор Шамшәдин Керім бастап студенттер, қызметкерлер ауланың әсемдігі мен ғимарат тазалықтарына жұмыла кірісті. Университеттің Аппарат жетекшісі Болатбек Абуов пен „Дін және тәрбие„ бөлімінің меңгерушісі Рахымжан Әкімбеков, Бауыржан Шайзан,Талғат Жұбанышовтар да студенттерге үлгі көрсетіп, сенбілікке белсене ат салысты. Жадыраған көктемнің күні де күлімдеп, еңбекқор жандарға қолдау көрсеткендей. Расымен даланың ақ жамылғысы шешіліп, жылғалардан су ағып, қыстың қаһарымен жер бетін басып қалған көне жапырақ, шөп-бұтақтарды тазалап, көгалдандыру жұмыстары жандана түсуде.

Қазіргі электронды әлем өскелең ұрпақтың санасын жаулаған кезеңде жастар да тазалық жұмыстарын өз қолдарымен жасаған соң, табиғаттың тамашасын аялап, өзгенің еңбегін бағалауға бір сәт ой жүгіртіп, дүниетанымы кеңейе түскендей!

senbi2017 2

senbi2017 3

senbi2017 4

senbi2017 5

senbi2017 6

senbi2017 7

senbi2017 8

senbi2017 9