Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінде 2020-2021 оқу жылының жоспары талқыланды

25/08/2020

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, PhD доктор, доцент Қайрат Құрманбаев 2020-2021 оқу жылындағы білім беру үдерісіне қатысты жиналыс өткізді.

Жиналысқа академиялық мәселелер департаментінің директоры Ж.С.Сандыбаев, оқу-әдістемелік басқарма басшысы М.Махмет, сапа менеджмент бөлімінің меңгерушісі Ш.Әділбаева, ЖОО кейінгі білім беру бөлімінің меңгерушісі Г.Имашева, Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығының директоры Ш.Керім, тәрбие істері және әлеуметтік даму департаментінің директоры М.Байзақ, кадр бөлімінң меңгерушісі Қ.Қайранбаева, стратегиялық бөлімінің басшысы Ж.Пазылбеков, шаруашылық бөлімінің меңгерушісі С.Олжабаев және кафедра меңгерушілері қатысты.

Университет проректоры Қ.Құрманбаев елдің, халықтың, діннің, ұлттың мүддесіне жұмыс істеу арқылы біз өз үлесімізді қосамыз дей келе, жаңа оқу жылында сапаға жұмыс жасау керектігін басты назарға алды. Сондай-ақ қазіргі қалыптасып отырған төтенше жағдайларға байланысты онлайн жүйедегі білім беруді дамыта түсу керектігі туралы тоқталып, университет жанынан қашықтан оқытуға қатысты арнайы орталық және ІТ бөлімі  мен ғылым бөлімі ашылғанын айтты. Одан өзге университетке жаңадан келген мамандармен таныстырды.

Жиналысты қортындылай келе, 2020-2021 оқу жылының жаңа жоспары талқыланып, бөлім басшылары өз ұсыныстарын ортаға салды.

 

Ұқсас жазбалар