Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған шаралар өтті

24/01/2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай  Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіндегі Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен бірнеше шаралар  өтті. Соның бірі – «Абай-Пушкин шығармашылығының өзара үндестігі».

Айтулы іс-шарада кітапхана тарапынан Абай мен Пушкин шығармаларының суреттері, қос ақынның қанатты сөздері, шет тілдерінде жарық көрген кітаптарының мұқабасы, өмірде қалған бейнелі суреттері (туған-туыстары және  балаларымен түскен суреттері) топтастырылған  кітап-фото көрмесі  көпшілікке ұсынылды.

Сондай-ақ  кітапхана А.Құнанбайұлының өлеңдер жинағын, қара сөздерін, Абай энциклопедиясын, М.О.Әуезовтың Абай жолы романының 4 томдығын (орысша, қазақша), ғалымдардың  ақынның шығармашылығы туралы зерттеулерін біріктіре отырып, «Ұлы Абай – 175 жаста» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Данышпан, кемеңгер тұлға Абайға қатысты әр дерек, әрбір тарихи жазбалар баға жетпес асыл құндылығымыз. Оны келешек ұрпаққа толыққанды жеткізу әр қоғам мүшесінің парызы, ал насихаттау міндеті болып саналады.

Ұқсас жазбалар