Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай әуе шары ұшырылды

11/03/2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында ұлы ақынның 175 жылдығына орай халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейде 500-ден астам іс-шара  ұйымдастырылатындығы мәлім болды. Осы мақсаттарды негізге алып, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті  университетінде тәрбие істері және әлеуметтік даму департаментінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай  әуе шары ұшырылды.

«Жаңғыру – өткеннен қол үзіп, жаңа құндылықтарға жол ашу деген сөз емес. Шын мәнінде, бұл – ұлттық мұраларымызды бүгінгі оң үрдістермен үйлестіре дамытуды көздейтін құбылыс. Бұл ретте, біз Абай Құнанбайұлын айналып өте алмаймыз. Себебі, ұлы ойшыл, кемеңгер осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлтты жаңғыруға, жаңаруға, жаңа өмірге бейім болуға шақырған еді» – дейді, тәрбие істері және әлеуметтік даму департаментінің директоры Мақсат Байзақ.

Шараға атсалысқан Нұр-Мүбарак университетінің студентері, «Samgau» еріктілер ұйымының мүшелерінің айтуынша, ұлттық сананы жаңғыртып, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырамыз десек, Абай атамыздың шығармаларын мұқият оқуымыз керек. Оның қоғамдағы түрлі үдерістерге қатысты көзқарасы бүгінгі мемлекетіміз үшін аса пайдалы дей келе, өз заманының ғана емес, қазіргі қоғамның да бейнесін танытқан ұлы ақын А.Құнанбайұлы – елдік мұраттың айнымас темірқазығы бола бермек деген ойларын білдірді.

Ұқсас жазбалар