Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінде Абай шығармашылығының жүйріктері анықталды

10/12/2019

«Ғасырдан асқан тұлға» — бұл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Нұр-Мүбарак университетінде ұйымдастырылған іріктеу туры.

Сайыс 3 бөлімнен тұрды: «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» деген, мұнда ақынның 20-50 аралығындағы өлеңін жатқа мәнерлеп оқып беру керек; «Қара сөзім – қазақтың дара бағы» деген хакім Абайдың қара сөзін жаттап, мағынасын түсіндіріп беруі; «Ғылым – сарқылмас қазына», яғни байқауға қатысушылар Абайтанушы ғалымдардың еңбегіне зерттеу жүргізіп, олардың ақын шығармашылығын қай тұрғыдан саралағанын талдау жасауы керек.

Әділ қазылар алқасының құрамына құрметті қонақ ретінде «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының маманы философия ғылымдарының докторы Гауһар Мақашева және «Ұлттық арнаның алтын дауысы» атанған белгілі дубляж актері Азамат Қанапия шақырылды. Сондай-ақ PhD теология ғылымдарының докторы Мұхитдин Исаұлы, Әл-Азһар университетінің PhD түлегі, аға оқытушы Садыбаев Құрманғазы, Нұр-Мүбарак университеті Дінтану кафедрасының аға оқытушысы Ишмаханов Жандос, кітапхана меңгерушісі Бейісбек Қалбибі, т.ғ.к., доцент Қырықбаева Эльмира және пед.ғ.к. Әбішева Нұрзия әділ қазылар құрамында болды.

Байқау нәтижесінде сайыстың әр түрі бойынша 3 студенттен іріктеу турынан өтті:

  1. Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу бойынша:

1-орын. «Исламтану» мамандығы, 4-курс студенті Нәбиғалиев Мұратхан.

2-орын. «Исламтану» мамандығы, 1-курс студенті Жүсіп Рамазан.

3-орын. «Исламтану» мамандығы, 4-курс студенті Кубай Айдос.

  1. Қара сөз сайысы:

1-орын. «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы, 2-курс студенті Жақсанов Жандарбек.

2-орын. «Исламтану» мамандығы, 2-курс студенті Тобықбаева Алтынбике.

3-орын. «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы, 2-курс студенті Ермек Шыңғыс.

  1. Баяндама сайысы:

1-орын. «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы, 2-курс студенті Мүсіл Саиба.

2-орын. «Исламтану» мамандығы, 3-курс студенті Салимов Ізбасар.

3-орын. «Исламтану» мамандығы, 2-курс студенті Аманқожа Аружан.

 

Жүзден жүйрік шыққан бұл студенттер ақпан айында Нұр-Мүбарак университетінде өтетін университетаралық сайыста бақ сынамақ.

 

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар