Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінде араб, ағылшын тілдерінің жүйрікері анықталды

30/04/2019

 

«Бір тіл – бір адам, екі тіл – екі адам» демекші, адам баласы жеті әлемнің тілін білсе де артық етпейтін заманда, шәкірттердің білімін шыңдау Нұр-Мүбарак университетінің басты мақсаттарынан. Осы орайда араб, ағылшын тілдерінен өтетін дәстүрлі олимпиада да өте тартысты өтті. Жеңімпаздарды университет ректоры, профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жинди мен «Салиқалы Ұрпақ» қоғамдық қорының директоры Қасым Қасабеков мырзалар марапаттады. Қайырымдылықтың түр-түрін қамтыған «Салиқалы Ұрпақ» қоры араб тілін дамыту курстарына да демеушілік жасап келеді екен. Сондықтан олар олимпиада жеңімпаздарын білім алуға қажетті түрлі бағалы сыйлықтармен марапаттады. Араб тілінен өткен пәндік олимпиадаға үш курс бойынша жалпы 184 үміткер қатысып, 9 жеңімпаз суырылып шықты:

1 курстан 100 үміткерден:

1-орын: Мусина Н.

2-орын: Елеусызбаева Н.

3-орын: Әділханова Ж.

2 курстан 55 студент бақ сынады:

1-орын: Кәдіров Б.

2-орын: Тойғажинов А.

3-орын: Асылбек А.

3 курстан  29 студент:

1-орын: Садуев Ч.

2-орын: Идирова А.

3-орын: Қалмұрат Е.

 

Ал ағылшын тілі бойынша университетаралық пәндік олимпиададан 2 курс бойынша 47 студент бақ сынады. Нәтижесінде 1 курс: 1-орын Тобықбаева А., 2-орын Сарсенова Қ., 3-орын: Майлан Ә. Ал 2 курс бойынша Т.Садуақасова  бірінші орынға ие болды.

Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мухаммад әш-Шаххат мырза студенттерге қолдау жасап, бағалы сыйлықтармен қуантқан «Салиқалы Ұрпақ» қорының өкілдеріне де ризашылық білдіріп, Алғыс хатпен марапаттады.

 

 

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар