Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінде  «Араб тілін оқытудың заманауи әдістері» атты  республикалық семинар жалғасуда 

18/02/2019

 

Араб тілі бойынша еліміздегі білікті ғалым, ұстаздардың республикалық семинары бүгін Нұр-Мүбарак университетінде жалғасуда. Қысқы мектеп аясында ұйымдастырылған білім шарасы сенбі күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде тұсауын кескен болатын. Жоспар бойынша бүгін қатысушыларға Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди «Араб емес тіл үйренушілерге араб тілін оқытудағы дұрыс концепция» тақырыбында дәріс оқыды. Сондай-ақ университеттің Араб зерттеулері факультетінің деканы, доктор Адам Махмуд «Араб зерттеулері факультетінің араб-ағылшын тілдерін дамытудағы тәжірибесімен» бөлісті. Республикалық семинар аясында Орталық мемлекеттік мұражай ұйымдастырған «Ұлы тұлғалар – архив құжаттарында» Архив-2025 көрмесі өтті. Университет студенттері көрмені тамашалап, тарихи құжаттармен танысты.

Бір аптаға жоспарланған семинар 23 ақпанда Нұр-Мүбарак университетінде аяқталмақ.

 

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар