Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінде Араб тілінен қосымша дәріс жеңімпаздары анықталды

03/12/2019

Әлемде  қолданылу жағынан  бесінші орынды еншілеген әрі Құран мен Ғылым тілі – араб тілін үйрену Нұр-Мүбарак университеті студенттері үшін аса маңызды білім белестерінен. Сондықтан университетте негізгі дәрістерден өзге қосымша сабақтар жүйелі түрде ұйымдастырылады. Оқу ордасының Тәрбие істері және әлеуметтік даму бөлімінің ұйытқы болуымен араб тілін үйренудегі қосымша курстар өз нәтижесін беруде.

Оқу жылының басында, яғни қыркүйек айында басталған 1-курс студенттеріне «Тәкәллум» кітабының «Әсәси» деңгейін оқыту дәрістері өз мәресіне жетіп, аталған кітапты тәмамдаған шәкірттер арасында арнайы сынақ өтті. Емтиханды Араб тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Манабаев Бағдат Маханұлы мен Араб тілі және әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, докторант Қасымбаев Қуаныш ұстаздар қабылдады. Барлығы 34 шәкірт жоғары дайындықтарымен тәнті етті. Дегенмен білім сайысында қатарынан оқ бойы озық болған Жұмағалиев Бауыржан 1-орын иеленсе, 2-орын Қабылда Әлишердің еншісіне бұйырды. Ал 3-ші орынды Қадыр Ілияс қанағат тұтты.

Ұйымдастырушылар араб тілін жетілдіруге бағытталған бұл оқу-үдерісінің ары қарай араб тілінің морфология, синтаксисін үйрету бағытында жалғасын табатындығын жеткізді. Шәкірттер де білім сайысының жеңімпаздарына қызығушылық танытып, болашақта жеңіс тұғырынан көрінуге талпыныс жасайтындарын аңғартты.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар