Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінде асыл сөзді асқақтатқан жеңімпаздар анықталды

06/05/2019

Әз Пайғамбар Мұхаммедтің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мұрасы, ислам дінінің екінші қайнар көзі хадистерді жаттату мақсатында, 1-3 курс студенттері арасында  «Сөз асылы – хадис» атты бәйге ұйымдастырылды. Жарыс университет оқытушысы, PhD Асқар Әкімхановтың «100 хадис» кітабы бойынша жүргізілді.

Жалпы қатысуға 30 студент өтініш білдіріп, олардың арасында 18 күндік хадис жаттау марафоны өткізілді. Күнделікті хадис тапсырған 15  үміткер марафон соңына дейін жетіп, олардың арасынан 9 жүйрік ақтық сынға жолдама алды.

Шарт бойынша қатысушы ең кемі 30 хадисті жатқа біліп қана қоймай, олардың қазақша мағынасы мен соған сай мақал білу қажет. Үш айналымнан тұратын бәйгенің алғашқысы ұпай саны белгіленген ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру арқылы, ең аз ұпай жинаған үш қатысушы ойыннан шықты. Екінші айналымда өзара хадистерді жатқа айтып, жалғастырып әкету бойынша сайыс. Ал соңғы мәреде  үміткерлер хадисті араб тілінде жатқа жазуы тиіс. Ең көп әрі қатесіз хадис жазған шәкірт жеңіс тұғырына көтерілді.

осындай талаптарды қатаң сақтаған қазылар алқасы:

1-орын: Асылбек Айдын;

2-орын: Нуров Нурмухаммад;

3-орын: Мизанбай Абдолсабыр ,-деп таныды.

Жеңімпаздарға проректор, доцент Қайрат Құрманбаев арнайы марапаттау жасап, қаржылай сыйақы табыс етті. Бәйге барысында көрермендер де шет қалмады. түрлі сұрақ-жауаптар қойылып жеңімпаздарға қазылар алқасы арнайы сыйлықтарды ұсынды.

Сөз асылы Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисін жатқа айтып, мағынасына терең бойлау арқылы студенттер білімдерін шыңдап, дүниетанымын кеңейтері сөзсіз. Сондықтан бұл шәкірттер арасында ерекше серпіліс берді дейді ұйымдастырушылар Оқу-әдістемелік басқарма басшысы Жалғас  Сандыбаев  пен Исламтану кафедрасының меңгерушісі Нұрлан Анарбаев мырзалар. Мұндай сауапты да жауапты шараның бас-қасында университеттің Тәрбие және дін істері бөлімі мен Жастар комитеті де жарыстың өте тиянақты әрі әділ өтуіне барынша ат салысып, алғысқа бөленді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар