Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак Университетінде «Ажырасу» атты тақырыпта лекция марафон өтті.

18/11/2020

Нұр-Мүбарак Египет Ислам Мәдениеті Университетінде «Отбасы — Бақыт мекені» атты 5 күндік марафонның үшінші лекциясы өтті. Бұл жолы қоғам дерті — ажырасу мәселесі көтерілді. Ажырасу неге көптеп белең алып кетті?, ажырасуға не себеп?, алдын-алу жолдары қандай?, осы және өзге де сұрақтарға PhD доктор Қайрат Жолдыбайұлы  жауап берді.

Еске сала кетейік, Нұр-Мүбарак Египет Ислам Университетінде «Отбасы — Бақыт мекені» атты 5 күндік лекция марафон басталған болатын. Күн сайын отбасы құндылығын дәріптеу мақсатында бірнеше тақырыпта білікті мамандар сөйлеп, пайдалы ақпараттар беруде. Марафонды онлайн университет парақшасында тікелей эфирде көру мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, оффлайн түрде университетте Әл-Фараби залында болады.

 

Ұқсас жазбалар