Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінде  Дайындық курстар ұстаздарына семинар басталды

12/06/2019

 

  • Сіздер ата-бабаларыңыздың жолын жаңғыртуларыңыз қажет. Ислам ғылымында қазақ даласынан шыққан ғұламалардың алатын орны ерекше. Біз олардың араб тілінде жазылған еңбектерін оқып, пайдаландық. Енді қазақ даласы сондай телегей мүмкіндіктерін  қайта тәрбиелеп, ислам әлеміне орасан үлес қосатын жаңа кезеңге аяқ басуы тиіс, — деді Нұр-Мүбарак университетінің  ректоры профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жинди мырза  Дайындық курстарының ұстаздарына.

Бүгін Нұр-Мүбарак университетінде Алматы, Талғар, Бақанас, Шымкент, Ақтөбе қалаларындағы  оқу орнының Дайындық курстары  ұстаздарына арналған семинар басталған болатын. Негізгі мақсат, университетке оқуға ынталы шәкірт-талапкерлерді барынша  тиімді әрі пайдалы тәсілмен білімдерін шыңдап, болашақ мықты маманның іргетасын қалыптастыру. Ал оның бірден бір жолы араб тілін дұрыс меңгеру. Араб тілі – мәдениет пен өркениет тілі ғана емес, тарихты зерттеуде таптырмас мүмкіндік көзі болғандықтан, ректор, профессор Мухаммад әл-Жинди тілді меңгеруге қатысты маңызды мәселелерді де жан-жақты түсіндіріп өтті.

Ұстаздар ұлағатты ғалымның әр сөзін жіті тыңдап, өздеріне жазып алып отырды. Себебі шәкірттердің бірі болашақта артына мыңдаған жамағатты ертсе, енді бірі ғылым жолына таңдап, енді бірі мемлекеттік маңызды салаларда қызмет етуі заңдылық. Сондықтан олардың дұрыс біліммен қарулануы үшін іргетасы да мықты қалануы шарт екендігі түсіндіріліп, үш күн бойы Дайындық курсының ұстаздары  Нұр-Мүбарак университетінің ғалымдарынан барынша дәріс тыңдап, маңызды мағлұматтармен таныспақ.

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар