Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінде дін туралы заң жобасы түсіндірілді

14/03/2018

Нұр-Мүбарак университетінің ұстаздары, студенттер мен магистранттары, докторанттары еліміздің  дін саласына қатысты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасымен танысты. Дінтану кафедрасының профессоры филос.ғ.д. Қайрат Затов жаңа заң жобасының маңызын, ерекшеліктерін, қоғам өміріне қажетті өзгерістер өзектілігін жан-жақты тәптіштеп түсіндірді.

Заңға жаңадан өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі уақыт талабы. Себебі еліміздің дін саласын реттеу, мемлекеттік-діни қатынастарды жетілдіру, діни қызмет субъек­тілерінің құқықтары мен міндет­терін айқындау жаңа міндеттерді жүктеуде. Сондықтан заң жобасы аясында 12 нормативтік заңнама­лық актіге 53 өзгеріс пен толық­тырулар енгізу көзделуде. Осы жағдайларға тоқталған профессор  Қайрат Айтбекұлы жаңа жобаға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға ел ішінде қордаланған жағдайлардың нәтижесінде екенін ескертті. Мәселен, «деструктивті діни ағым» және «діни радикализм» ұғымдарының анықтамасы енгізіліп, соған қатысты мәселелер, отандастардың бакалавриат бағдарламасы бойынша діни мамандықтарға шет елдерде оқуға тыйым салынуы, бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекке қатысты, т.б. жағдайлар ескерілу себептерін ашып жеткізді.

Тыңдаушылар да көкейлеріндегі сауалдарын қойып, өз ойларын білдірді. Әсіресе, болашақ дінтанушылар  оқытушылар мен кафедра тарапынан жасалған осындай түсіндірме жұмыстарының діни сауаттылықты ғана емес, заң-құқық саласында да білімдерін арттыра түсетіндігіне ризашылықтарын білдірді.

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар