Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДОКТОРАНТУРАҒА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ 22 ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

14/08/2019

ДОКТОРАНТУРА

Докторантураға құжат қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен 22 тамызға дейін ұзартылды. Сондықтан Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіне «ИСЛАМТАНУ», «ДІНТАНУ» салалары бойынша құжат қабылдау 22 тамыз күні аяқталады.

Докторантураға кемінде 1 жыл еңбек өтілі және «магистр» дәрежесі  бар тұлғалар қабылданады.

1) Өтініш;

2) жеке куәлігінің көшірмесі – 3 дана;

3) жоғары білім туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмесі қосымшасымен (бакалавр/маман және магистр дипломдарының);

4) Жобаланған диссертациялық зерттеудің негіздемесі:

— ұсынылатын зерттеу тақырыбы;

— зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері;

— зерттеу жұмысының өзектілігі;

— күтілетін нәтижелер;

— пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

5) ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектерінің ғалым хатшы куәландырған тізімі;

6) жұмыс орнынан немесе жоғарғы оқу орнынан ресми бланкте жазылған ұсыныс хат;

7) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі;

8) 3×4 көлемдегі 6 фотосурет;

9) 086-У нысанындағы медициналық анықтама (флюорографиясымен бірге).

10) Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары (TOEFL , IELTS және т.б.).

 

 

Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы-73, Акдемиялық қалашық аялдамасы.
телефондар: +7(727) 302 09 30
+7(707) 995 29 95
+7 (700) 679-58-79

 +7 775 620 5938

priem-nmu@mail.ru

Ұқсас жазбалар