Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінде Ғылым және инновация бөлімі ашылды

04/09/2020

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде проректор, исламтану ғылымы бойынша PhD доктор, доцент Қайрат Құрманбаевтың бастамасымен  жаңа оқу жылында Ғылым және инновация бөлімі ашылып, басшысы ретінде доцент м.а. PhD Сиқымбаева Дамира тағайындалды.

Бөлім меңгерушісі Дамира Әлиқызының сөзіне сүйенсек, Ғылым және инновация бөлімінің басты мақсаты – Нұр-Мүбарак университетін еліміздегі исламтану және дінтану салаларындағы жетекші ғылыми орталық ретінде қалыптастыру және осы салалардағы халықаралық академиялық қауымдастықпен ынтымақтастықты нығайту арқылы университет оқытушы-профессорлық құрамның ғылыми әлеуетін көтеру.

Д.Сиқымбаева Ғылым және инновация бөлімі НМУ ғалымдарына ҚР БҒМ ҒК тарапынан жарияланған фундаменталды ғылыми зерттеу жобалары мен қоғам сұранысынан туындаған қолданбалы зерттеу жұмыстарына жан-жақты қатысуына әдістемелік, техникалық қолдау көрсетуді басты назарға алғанын айтты.

Сондай-ақ  жаңа бөлімнің күн тәртібіндегі жоспарда исламтану және дінтану салаларындағы басым ғылыми бағыттардың дамуын ынталандыру мақсатында жүйелі ғылыми-методологиялық семинарлар ұйымдастыру да бар.

Одан өзге араб-мұсылман әлемі және Түркия елдеріндегі исламтанулық және дінтанулық мектептер мен ғылыми орталықтармен ғана емес, сонымен қатар батыстық (американдық, еуропалық) исламтану институттарымен академиялық байланыс құруды да жоспарлап отыр.

Алдағы мақсат-міндеттерінің ішінде университеттің ғылыми жұмысына сыртқы демеуші қорларды тарту көзделіп,  студенттер, магистранттар және докторанттардың университеттің ғылыми өміріне белсенді қатысуын түрлі жолдармен ынталандыруда қарастырылған.

Нұр-Мүбарак университеті – білімнің ғана емес, ғылымның да ордасы!

Ұқсас жазбалар