Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінде ғылыми-әдістемелік семинар өтті (Фото)

05/02/2020

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде филология ғылымдарының кандидаты, доцент, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының профессоры Қалиева Шынар Саяхатқызының «Ғылыми зерттеу жұмысы: құрылымы, талаптар, зерттеу әдістері» атты ғылыми-әдістемелік семинары өтті.

Семинардың мақсаты – магистранттарды қазіргі заманғы гуманитарлық салаларға тән ғылыми ойдың мазмұндық ерекшеліктері мен күрделі проблемаларын терең зерттеу талаптарымен таныстыру. Сондай-ақ ғылыми әдістемеде қалыптасып отырған соңғы және анағұрлым маңызды тұжырымдар мен концепциялар жайлы мәлімет беру.

Шараға Нұр-Мүбарак университетінің магистранттары мен PhD докторанттары қатысты.

Курс барысында магистранттардың болашақ мамандығының ғылыми негіздері түсіндіріліп, өзі таңдаған ғылым саласының негізгі теориялық қағидаларын жүйелеуге бейімдеу айтылды. Одан өзге диссертациялық жұмысты орындауға қойылатын талаптар, қолданылатын зерттеу әдістері мен тәсілдері талқыланды.

Ұқсас жазбалар