Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак Университетінде ХІІ Республикалық дінтану және теология пән олимпиадасы өтті

19/11/2020

Нұр-Мүбарак  ЕИМУ  Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасындағы 2019-2020 оқу жылының ХІІ Республикалық дінтану және теология пән олимпиадасы өтті. Олимпиада қазақ тілінде жүргізілді. Республикалық олимпиаданың тақырыптық бағыты:

I кезең:«Топтық жоба» – «Қазіргі Қазақстан Республикасындағы діни толеранттылық мәселесіндегі мемлекеттік саясатының бағыты: (мәселелері және шешімдері)» тақырыбында дайындалған еркін форматтағы топпен жасалған жұмысты таныстыру және қорғау;

II кезең: «Сен де бір кірпіш дүниеге…» – теориялық білімді тексеруге арналған бірнеше кезеңдік тапсырмаларымен жұмыс;

III кезең: «Қара сөз – қазағымның қазынасы» – (Абай Құнанбайұлының қара сөздерін білу деңгейіне қатысты сайыс);

Олимпиадаға дінтану және теология  мамандықтары бойынша оқитын 3 (үш) студенттен құралған командалар қатысты. 

Республикалық олимпиада мәреге жету кезеңі — үш турдан тұратын командалар мен студенттердің сайысы (жеке сынақ):

1. Бірінші тур «Ғылыми жоба» — үй тапсырмасы, қатысушы командалар алдын-ала берілген тақырып бойынша 5-7 минуттық ғылыми жоба дайындап, (шығармашылық еркіндік, презентация, видео, баяндама, слайд, т.б.) қорғау;

2. Екінші тур «Таным» — теориялық білімге тесттік тапсырмалар;

3. Үшінші тур «Шығарма» — жалпы дамуға тапсырмалар (жазбаша).

Қазылар алқасының Нұр-Мүбарак ЕИМУ, дінтану кафедрасының оқытушыларынан және ЖОО командаларының жетекшілерінен құралған. Әр кезеңге басты назар аударған әділқазылар жеңімпаздарды анықтап, марапаттады.

Еліміздегі пандемиялық жағдайға байланысты Республикалық олимпиада онлайн түрде Zoom арқылы өтті.

 

 

Ұқсас жазбалар