Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінде институционалды аккредитация басталды (Фото)

02/03/2020

Бүгін Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіне институционалды аккредитация  бойынша БСҚА сараптама тобы келді.

Сараптама тобының сыртқы  аудиті 4 наурыз 2020 жылға дейін жүрігізіледі.

Комиссия мүшелері: Топ жетекшісі – Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің  философия және психология факультетінің деканы, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Думан Кусбеков ; Халықаралық сарапшы – Ресей ислам институтының ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Рафис Закиров; Египеттен келген халықаралық сарапшы – Дін істері бюросының аға менеджері, исламтану мамандығы бойынша PhD доктор  Мухаммед Ганем Эльсайед; Ұлттық сарапшы – Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры, э.ғ.к. Айсұлу  Жумурова ; 9 стандарт жұмыс берушінің өкілі – Бас мүфтидің кеңесшісі  Мухаммадхусайн Алсабеков; Өкіл – Сүлейман Демирел университетінің 2 курс докторанты Данара Райханова; Сарапшылар тобының үйлестірушісі – Бас үйлестіруші, биология ғылымдарының докторы, профессор  Бағдат Имашева.

 

Ұқсас жазбалар