Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

«Нұр-Мүбарак» университетінде «Исламтану»  бойынша диссертациялық кеңес ашылды

06/04/2016

 

 

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының «2016 ж. Жоғары оқу орындарында философия (PhD) докторы, бейіні бойынша докторы ғылыми дәреже беру бойынша докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестер ашу туралы» 2016 жылғы  31 наурыздағы №316  бұйрығына сәйкес  «Исламтану» бойынша диссертациялық кеңес ашылды. Диссертациялық кеңес төрағасы болып филология ғылымдарының докторы, профессор Ә.Б.Дербісәлі тағайындалған.

Бұл «Нұр-Мүбарак» университеті үшін ғана емес, еліміздегі ислам ғылымының дамуына ашылған жол. Себебі диссертациялық кеңес – ғылыми зерттеу жолына түскен болашақ ғалымдардың еңбегін саралап, жіті ғылыми сүзгіден өткізетін ғалымдар кеңесі. Сондықтан мемлекетіміздің ислам ғылымына деген қамқорлығы тарихқа құрметпен қатар баянды болашаққа бастар нық қадам екені даусыз.

Ұқсас жазбалар