Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінде Диссертациялық кеңес ашылды

03/09/2019

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 12 тамызындағы №648 бұйрығымен Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде «6D021500» және  «6D020600» мамандықтары бойынша  Диссертациялық кеңес ашылды.

Енді алдағы үш жыл бойы Исламтану және Дінтану ғылым салаларында  докторлық диссертация қорғаушы диссертанттар үш жыл Нұр-Мүбарак университетінің Диссертациялық кеңесінің талқысына түспек.

Диссертациялық кеңес төрағасы филол.ғ.д., профессор, академик Әбсаттар қажы Дербісәлі, төраға орынбасары Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, PhD докторы, доцент Қайрат Құрманбаев, ал ғалым хатшы PhD докторы Асқар Әкімханов болып тағайындалды.

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар