Нұр-Мүбарак университетінде  қабылдау емтихандары басталды

08/07/2019

Бүгін еліміз бойынша  жоғары оқу орындарына қабылдау үшін шығармашылық емтихандар басталды.  Осыған орай, Нұр-Мүбарак...

Бүгін еліміз бойынша  жоғары оқу орындарына қабылдау үшін шығармашылық емтихандар басталды.  Осыған орай, Нұр-Мүбарак университетінде де талапкерлердің танымын таразылау үшін шығармашылық емтихандардың алғашқы күні. Комиссия құрамында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері, университеттің ғалым ұстаздары, оның ішінде мысырлық араб ғалымдары да бар.

Нұр-Мүбарак университетіне бакалавриат деңгейіне  700-ге жуық  талапкер құжат тапсырған, оның арасында 7  алтын белгі, ал қызыл аттестат, қызыл диплом иегерлерінің санының көп болуы да жылдан жылға бәсекелестіктің артқанын аңғартуда! Исламтану, теология, дінтану, екі шет тілі  мамандықтары бойынша бағын сынайтын талапкерлер үшін ата-аналары, туыстары да тілеулестік танытып келген.

Нұр-Мүбарак университетінде әсіресе, исламтану мамандығын таңдаушылар арасында  тек биылғы мектеп түлектері ғана емес, дайындық курсы, медресе-колледж, басқа жоғарғы және арнаулы оқу орындарын тәмамдаған да мамандық иелері бар. Бұл ата дінімізге деген қызығушылық артуы ғана емес, Нұр-Мүбарак университетінің де беделін аңғартса керек.