Нұр-Мүбарак университетінде қабылдау қызу жүріп жатыр

11/06/2018

Талапкерлерді қабылдау науқаны биыл маусымның алғашқы күнінде басталып кетті. Яғни маусымның 1-20 аралығында орта...

Талапкерлерді қабылдау науқаны биыл маусымның алғашқы күнінде басталып кетті. Яғни маусымның 1-20 аралығында орта мектептің бұрынғы түлектері, өзге де жоғары орта арнаулы, кәсіптік, жоғары оқу орындарын тәмамдаған талапкерлер құжаттарын тапсыруы тиіс. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің былтыр енгізген бұл өзгерісінен көпшілік қауым толық құлақтанып үлгермей, көптеген талапкерлер сан соғып қалған болатын. Биыл сол олқылықтың алдын алу үшін Нұр-Мүбарак университеті министрлік тарапынан ереже бекітілген сәттен жан-жақты ақпараттар таратты. Себебі қабылдау мерзімінде не шарттарында қандай да бір өзгерістер болу-болмауы мамыр айының соңында нақтыланған болатын.

Талапкерлердің биылғы аяқ алысы да жоғары. Нұр-Мүбарак университетінің қабылдау комиссиясы Дайындық курстарының шәкірттерінен өзге медреселердің түлектерінің де құжаттарын қабылдауда. Бұл қабылдаудың ерекшелігі, университет қызметкерлері Алматы қаласында жүріп жатқан менингит індетіне қарсы сақтық шараларын барынша сақтауға тырысып бағуда.

Соңғы өзгеріске сай биылғы мектеп түлектері үшін 20 маусым мен 7 шілде аралығында шығармашылық емтиханға құжат қабылдау болады. Ал 8-13 шілде аралығында шығармашылық емтихан, ал 14-18 аралығында бұрынғы түлектер үшін кешенді тестілеу өтеді.

 

 

.