Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінде Қашықтан білім беру орталығы ашылды

14/09/2020

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде проректор, исламтану ғылымы бойынша PhD доктор, доцент Қайрат Құрманбаевтың бастамасымен Қашықтан білім беру орталығы  ашылды. Орталық басшысы ретінде Мендыбаев Ермек Серікұлы тағайындалды.

Ермек Серікұлының сөзіне сүйенсек, Қашықтан білім беру орталығының басты мақсаты – университеттің оқу үдерісіне қашықтан оқыту технологиясын дұрыс іске асырып, білім беру бойынша оқытудың тиімділігін, сапасын арттыру.

Сонымен қатар оқу үрдісінің тиімділігін арттыратын әдістемелік, дидактикалық және аудиовизуалды материалдармен қамтамасыз ету қарастырылған. Қашықтан білім беру үшін оқытушыларға оқу курстары өткізіліп, әрдайым білім алушылармен кері байланыс жасалынатындығына тоқталды.

Одан өзге оқу үрдісінде қашықтан білім алу бағыттарын және мультимедиалық оқыту құралдарының пайдалануды зерттеу мәселеріде күн тәртібінде қамтылған.

Ұқсас жазбалар