Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінде Маңғыстау облысының бас имамымен кездесу өтті

26/02/2020

Бүгін Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде Академиялық мәселелер департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы Маңғыстау облысының  бас имамы Елжанов Әнуар мен 4 курс студенттері арасында кездесу өтті.

Шарада Ақтау қаласы әкімінің аппараты бас инспекторы Сузақбаев Ақберді, Ақтау қалалық жастар ресурсының теологы Абдырханов Умирбек, Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Есенова Дәмелі, Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Біләлов Берік, Түпқараған аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жеткізген Досан, «Қарақия аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Аманиязова  Мейрамгүл, Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Аманкелді Майлан студенттерге өңірдегі діни ахуал туралы тоқталып, кәсіби маманға қашанда бір кісілік орын бар деп студенттерді оқу бітіргеннен кейін жұмысқа шақырды.

Сондай-ақ қызмет етуге келген жас мамандарға еңбекақы мен үй мәселесі қарастырылатынын және  еңбек жолында өсу мүмкіндіктері бар екендігін айтты.

Ашық форматта өткен кездесуде Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы діни әдебиеттерді саралайтын, медиа мүмкіндіктерін игерген мамандарға тапшымыз дей келе, осы салаларда қызмет етуді ниет еткен кез келген өңірдің азаматын қызметке аламыз деген ниетімен бөлісті.

Одан өзге кездесу барысында студенттер Маңғыстау облысы әкімінің гранты туралы сұрақтарына жауап алды.

Ұқсас жазбалар