Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінде Маңғыстаудағы діни ахуалға қатысты мәселелер талқыланды

11/12/2019

Маңғыстау облысындағы діни ахуалды жақсарту жолдары, мамандармен қамту – қарт Каспийдің жағалауынан Нұр-Мүбарак университетіне арнайы келген қонақтармен талқыланған негізгі мәселелер. Проректор, доцент Қайрат Құрманбаев  Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов пен Маңғыстау облыстық Дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Балғожаева ханымды арнайы қабылдады.

  • Теріс діни ағымдарға тойтарыс дұрыс діни бағытта білім алған мамандар арқылы жүзеге аспақ. Сондықтан Нұр-Мүбарак университетінде осы мақсатта маман даярлаумен қатар, ең қажетті әрі маңызды ғылыми еңбектерді де жарыққа шығаруға ден қойып жатыр,-деп  дін саласындағы  тәжірибесімен бөліскен проректор Қайрат Құрманбаев университеттің елдегі діни ахуалғ,а қатысты мүмкіндіктеріне тоқталып өтті.

Дін саласындағы көкейдегі көптеген сауалға тұшымды жауап алған Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Мұқырұлы ислам ғалымының пікірлеріне мұқият құлақ асып: «Біз бұл мәселелерге дәл мамандар секілді ішінара үңіле бермейміз. Сіздер діннің ішкі түйткілдерін жақсы меңгергендіктен, бұл талқыланған тақырыптар бізге көптеген мағлұматтар берді»,-деп өз лебізін жеткізді.

 

Діни қызметкерлер мен дін саласындағы мамандардың білігін арттыру мақсатындағы семинар-тренингтер, арнайы курстар, кітаптар мен әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету мәселелерімен қоса,  болашақ түлектерді аймаққа жұмысқа тарту жағы да талқыланды. Белгілі теолог, діни экстремизм мен терроризмге қарсы салада еліміздегі ең білікті мамандардың бірегейі Асқар Сабдин өз тәжірибесіне сай ойларын ортаға салды. Маңғыстау облыстық ДІБ басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Қуатқызы кездесу барысында Нұр-Мүбарак университетімен арадағы меморандум аясында жасалатын жұмыстардың одан сайын жандана түсетіндігіне сенім білдірді.

 

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар