Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінде медиацияның мәні талқыланды

16/09/2016

«Исламтанушы да, дінтанушы да медиатор бола алады!»

Бұл жөнінде Нұр-Мүбарак университетіне келген ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім»  РММ-нің  медиация кабинетінің  өкілдері  мәлімдеді.  Ия, медиаторлар бүгінде бұрынғы билердің  міндетін арқалап, ел ішіндегі дау-дамайды сотқа жеткізбей өзара  мәмлеге келтіруші бітімгерліктің жолындағы тұлғаларға айналуда. 2011 жылдың 28 қаңтарында ҚР Президенті «Медиаторлар туралы» заңды бекітіп, 2011 жылдың 5 тамызынан бастап ол Заң қолданысқа енген болатын. Соған сәйкес көптеген  Сот ғимараттары мен қоғамдық орындарда  медиаторлар кабинеттері ашылып, ел ішіндегі түрлі дау-дамайдың оңтайлы шешімін табуда сүбелі үлес қоса бастады деуге болады. Оған бүгін Нұр-Мүбарак шәкірттеріне семинар ұйымдастырушы Қазақстан медиаторлар қауымдастығының және Халықаралық құқық қорғау орталығының директоры, медиатор-жаттықтырушы Жанділда Жақыповтің тәжірибесінен аңғаруға болатындай.

«Діни ахуалдың тұрақсыз жағдайында диалог алаңдарын ұйымдастыру және медиацияны қолдану тәсілдері»  семинарында жақында ғана жұмысын бастаған «Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау интситутының» директоры Қайрат Құрманбаев бұл тәсілдің исламдағы орны мен тарихтағы көріністеріне тоқталып өтті. Яғни бүгінде батыстың өркениетті елдерінде беделді тұлғаларға айналған медиаторлық міндет қазіргі қазақ қоғамына жаңа келбетте көрініс тапты деуге болады. Бәлкім кезіндегі ата-бабаларымыздың билер институты, ақсақалдар кеңесін арқалаған жаңа қоғамдық өкіл деуге де болады.

Бүгінде медиацияның қолданылу саласы азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ аса ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қаралатын дауларда жүргізіледі. Ал кәсіби медиатор болуға жиырма бес жасқа толған, кәсіби жоғары  білімі бар, арнайы курстан өткен, кәсіпқой медиаторлар ұйымына тіркелген тұлғалар қол жеткізе алады. Өз еңбегінің құнын өзі белгілейтін медиаторлардың көмегіне жүгінушілер де бүгінде сарапшылардың айтуынша көбейіп келе жатқан көрінеді.

ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің республикалық-әдістемелік медиация кабинетінің меңгерушісі, жетекші сарапшы Нұрсәуле Әлтекова ханым медиаторлар кез-келген уақытта бітімгершілікке дайын екендігін жеткізді. Студенттер мен магистрант, докторанттар жаңа кәсіптің қыр-сыры жайлы жанжақты сұрақтар қойып, мағлұматттар алды.

 

mediatsia1

 

 

mediatsia3

 

mediatsia4

 

mediatsia5

 

mediatsia6

 

mediatsia2

 

mediatsia7

 

mediatsia8

mediatsia9

 

mediatsia10

Ұқсас жазбалар