Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінде Мысырдың мүфтиі мен Уақыфтар министрі дәріс жүргізді

01/06/2016

Бүгін Нұр-Мүбарак университетіне Египет Араб Республикасының Уақыфтар министрі профессор Мұхаммад Мұхтар Жұма, ЕАР мүфтиі профессор  Шауқи Ибраһим Аллам мырзалар дәріс өткізді. Дәріске университет шәкірттері, ҚМДБ имамдары, еліміздегі Дін істер жөніндегі басқарма мамандары қатысты.

Муфти Шауқи Ибраһим исламдағы пәтуа мәселесін, пәтуа берудің маңыздылығы мен жауапкершілігін жан-жақты түсіндіріп, бүгінде кез-келген жерде пәтуа сұрап, оған қаймықпай жауап бере берушілердің елді адастырып жатқандығына тоқталды. Ал осындай дінбұзарлар мен теріс түсінікке тосқауыл қоятын  ислами оқу орындарының маңыздылығын және Қазақстанда, Орта Азияда Нұр-Мүбарак университетінің алатын орнының ерекше екендігін атап өтті.

Ал «Қазақ еліндегі ислам жолында білім алып, қызмет етуші жандармен жолыққаныма өте қуаныштымын»,-деп сөзін бастаған ЕАР Уақыфтар министрі профессор Мұхаммад Мұхтар Жұма мырза ислам дінінің кемелдік пен өркениет, бейбітшілік пен тыныштық діні екендігіне ерекше тоқталды. Сондықтан  дініміздің ең басты талабы ел тыныштығы мен адамдардың амандығын басты назарда ұстайтындығына тоқталды.

ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Серік Ораз мырза келген қонақтарға қазақы қонақжайлылық танытып, жылы лебізімен алғыс білдірді. Осылайша ғалымдар Нұр-Мүбарак университетінің 15 жылдығына арналған ертеңгі «InterContinental Almaty» қонақ үйінде өтетін «Ислам оқу орындары және олардың жаңсақ түсініктерді түзетудегі рөлі» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жұмысына сәттілік тіледі.

ФОТО

 

010620162

 

010620161

 

01062016

 

010620163

 

010620164

 

010620165

 

010620166

 

Ұқсас жазбалар