Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінде ХІІ пәндік олимпиада өтеді

15/10/2020

Нұр-Мүбарак ЕИМУ 2020 жылдың 29 қазанында дінтану және теология мамандығы бойынша студенттер арасында ХІІ пәндік олимпиада  өтеді.

Жалпы ақпарат:

– Олимпиаданы жүргізу тілі: қазақ тілі.

– Тақырыптық бағыты:

I кезең – «Топтық жоба» – «Қазақстан Республикасындағы дінаралық толеранттылық (мәселелері және шешімдері)» тақырыбында дайындалған еркін форматтағы топпен жасалған үй жұмысын таныстыру және қорғау;

II кезеңінің басталуы. «Діндер тарихына шолу» теориялық білімді тексеруге арналған тест түріндегі тапсырмалармен жұмыс;

III кезең. «Дін және заң» – (Қазақстан Республикасының дінге байланысты заңдарын білу деңгейіне қатысты сайыс) – белгілі бір жағдайға байланысты сұрақтар.

– Студенттер арасындағы олимпиадаға дінтану және теология  мамандықтары бойынша оқитын 3 (үш) студенттен құралған командалар қатыса алады.

Мәреге жету кезеңі − үш турдан тұратын командалар мен студенттердің сайысы (жеке сынақ):

1) Бірінші тур «Ғылыми жоба» − үй тапсырмасы, қатысушы командалар алдын-ала берілген тақырып бойынша 5-7 минуттық ғылыми жоба дайындап (шығармашылық еркіндік, презентация, видео, баяндама, слайд, т.б.) қорғау;

2) Екінші тур «Kahoot!» − теориялық білімге тесттік тапсырмалар;

3) Үшінші тур «Логикалық сұрақ» − жалпы дамуға тапсырмалар.

Олимпиаданың өту тәртібі және сайысты бағалау өлшемдері  ережеде жазылған. Қазылар алқасы мәреге жету кезеңінің нәтижелерін шығарған кезде жеке және командалық сынақ жеңімпаздарын айқындайды. Жеке сынақта сайыстың үш турынан ең көп ұпай алған қатысушы жеңімпаз саналады. Командалық сынақта сайыстың үш турынан ең көп ұпай алған команда жеңімпаз саналады.

Қазылар алқасы: Нұр-Мүбарак ЕИМ, дінтану кафедрасының оқытушылары.

 

Олимпиада ұйымдастыру комитетіне құжаттарды тапсыру тәртібі

 Тіркеуге келесі құжаттар қабылданады:

1.Нұр-Мүбарак ЕИМУ Дінтану кафедрасының меңгерушісі Ж. Жұмашова атына қатынас хат (өтініш формасы қосымшада)

2.Қатысушының сауалнамасы (аты-жөні, мамандығы, курсы, оқитын тілі);

3.Команда жетекшісінің сауалнамасы (оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі).

Құжаттар 2020  жылдың 20 қазанына дейін мына эл.поштаға тапсырылады:

Ұялы тел:  8 (747) 8656483; Эл.пошта:  duissenbaevadka@gmail.com

Студенттер арасында өтетін олимпиаданың жұмыс күндері 29 қазан 2020 жыл (қатысушылар Zoom платформасында онлайн жұмыс істейді. Интернетке және техникалық жабдықтарға байланысты барлық мәселелерді алдын-ала ескерулеріңізді сұраймыз).

Ұқсас жазбалар