Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінде психолог Марзия Бекайдардың тренингі өтті (Фото)

07/02/2020

Бүгін Нұр Мүбарак университетінде Тәрбие істері және Әлеуметтік даму департаментінің ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде жүзеге асатын “TED edu Nur Mubarak” атты жоба аясында психолог, NLP тәжірбиешісі, арт-терапевт, әйел-консультант Марзия Бекайдардың «Тұлғаны дамытудың тиімді әдістері мен «Адамдармен дұрыс қарым-қатынас құрудың тиімді жолдары» атты тренингі өтті.

Шараға Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің студенттері мен ұстаздары және Алматы қаласындағы ЖОО студенттеріде қатысты.

Тренингте адамдармен қоғамдағы байланыс, сыйластықты берік сақтау, өкпе мен реніш, ашу мен кек, қыз баланың қоғамдағы ролі, ой еркіндігі және мінезді қалыптастыру жөнінде айтылды.

 

Іс-шараға жауапты Тәрбие істері және Әлеуметтік даму департаментінің маманы Гульвира Заурбекованың айтуынша,  “TED edu Nur Mubarak” жобасы аясында университет студенттерінің тұлғалық даму бағытында, еркін ойын жеткізе алатын, озық ойлы исламтанушыларды қалыптастыру мақсатында осындай іс-шаралар әлі жалғасын табады.

 

 

 

Ұқсас жазбалар