Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінде психологиялық көмек көрсететін орталық жұмыс істейді

14/04/2020

Коронавирус ауруының пандемиясы – 2019 жылдың желтоқсан айында Қытайда орналасқан Хубэй провинциясына кіретін Ухань қаласының Хуанань жануар мен теңіз өнімдері базарында болған тұрғындардың түсініксіз пневмонияға шалдыққан сәтінен басталды.

Мамандардың айтуынша, бүкіл әлемде белең алған коронавирус пандемиясы дүниежүзілік дағдарыспен бірге адамдарға физикалық және психологиялық ғана емес, психикалық тұрғыдан да теріс әсер етуі мүмкін. Оның алдын алу мақсатында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті қашықтан оқыту жүйесіне көшуіне байланысты оқытушылар мен студенттерге психологиялық көмек көрсететін орталық ашты.

Орталық мамандары PhD  доктор, жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Әлия Төлегенова мен жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, докторант Шұғыла Дуанаеваға телеграмдағы @nmu_kz арнасы арқылы сұрақтарын қоюына болады.

 

Ұқсас жазбалар