Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінде стол тенисінен жеңімпаздар анықталды

02/10/2019

 

 

Нұр-Мүбарак университетінде  студенттер арасында стол тенисінен біріншілік өтті. Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Айдар Иманбаев жарыстың барынша әділ де тартысты өтуін қадағалады. Себебі жеңімпаздар Алматы қалалық жоғары оқу орындары арасында стол тенисінен өтетін біріншілікте университет намысын қорғамақ.

Университетішілік біріншілік нәтижесі бойынша 1-орынды Тұрған Асылжан (2 курс «бә»тобы), 2-орын Тасқалиев Дәулет (2 курс «джим» тобы), 3-орынды Кенже Нұсуратулла (3 курс «бә» тобы) иеленді. Жеңімпаздарға арнайы мадақтау қағазы мен төсбелгі табыс етілді.

 

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар