Нұр-Мүбарак университетінде талапкерлер  арасында бәсеке күшейіп тұр

02/07/2016

Биыл жылдағынан әлдеқайда артық талапкерлер құжат тапсырды. Бұл ел арасындағы ислам дініне деген көзқарастың түзеліп, халықтың дінге деген құштарлығының артқанын аңғартады

talapker20169

 

Бүгін Нұр-Мүбарак университетіне қабылдау емтихандары басталды. Биыл университетке бакалавриат мамандықтарына 540-тай талапкер құжат тапсырса, оның  524-і  исламтану мамандығына ниет білдірген. Ал қалғаны дінтану және екі шет тілі мамандықтарының еншісіне тиеді.

«Биыл жылдағынан әлдеқайда артық талапкерлер құжат тапсырды. Бұл ел арасындағы ислам дініне деген көзқарастың түзеліп, халықтың дінге деген құштарлығының артқанын аңғартады. Исламтану мамандығы бойынша мемлекеттік білім грантына деген бәсекелестік те күшейіп отыр, яғни 1 орынға 3 адамнан артық келеді. Сондықтан, бұл еліміздегі болашақ имамдардың да сапасына ықпал етері сөзсіз»,-дейді проректор, профессор   Шамшәдин КЕРІМ мырза.

Ия, талапкерлер арасында биылғы мектеп түлектерінен өзге бұрын жоғары білім орындарын аяқтағандары да аз емес. Олардың барлығы ата дінімізге деген ыстық ықыластыры осы Нұр-Мүбарак  университетіне жетелеп келгенін  айтуда. Талапкерлер арасында қыздардың да үлесі басым. Сондықтан біз біршама үміткерлерді сөзге тарттық.

 Шынар МҰРАТҚЫЗЫ, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы:

—  Биыл Нұр-Мүбарак университетіне  исламтану мамандығына  ниет етіп келдім. Негізгі мақсатым осында өзіміздің хақ дінімізді тану, жете түсіне білу. Ең басты мақсат Раббымды тану. Өйткені қазір  дініміз жайлы теріс ойлар кетіп жатыр. Негізінде олай емес қой. Сол дініміді жете білу әр адамның  парызы деп санаймын. Сондықтан осы Нұр-Мүбарак университетіне келдім. Болашақта ұстаздық етіп, өзгелерге дұрыс ілім беруді қалаймын. Бұған дейін жоғары  оқу орнын бітіріп, инженер мамандығы бойынша  жұмыс та істедім. Отбасым, туыстарым ешқандай қарсы болмады. Себебі Нұр-Мүбарак  университеті тек Қазақстанда ғана емес ТМД бойынша беделді ислами оқу ордасы.

Арай БАҚЫТҚАЛИЕВА Ақтөбе облысынан:

  • Менің мақсатым дінді жақсы үйреніп, туған жерге барып қызмет ету. Ол жерде болып жатқан дін төңірегіндегі келеңсіздіктерге қарсы біліммен күресіп, үлесімді қоссам деймін, елге дұрыс дінді үйретсем дейдім. Алғашында  анам қарс ы болып, әкем рұқсат берді. Соңында Алланың қалауымен  анам да келісті. Қуаныштымын, жақсы тапсырып шықсам деймін.

 

Бейімбет Дүйсенәлі, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы ндағы қалалық мешіттің наиб имамы.

_DSC0612

  • Негізі Астана медресесінің 2013 жылғы түлегімін. Сөйтіп 3 жыл Оралда қалалық мешітте қызмет етіп, шәкірттер тәрбиелеп, 25 талапкер болып келіп отырмыз; 19 ұл, 6 қыз бала. Мақсатымыз, дінді ары қарай үйреніп, араби сауатымды дамыту.  Себебі 3 жыл имамдық қызметте істеп жүріп қатар білімді жетілдіру өте қиын. Сондықтан, ғұлама  ұстаздардан білім алсақ деген ниетіміз зор. Біздің өңірде Нұр-Мүбарак университетін аяқтаған бар жоғы 4-ақ имам бар. Былай көп болып келу ең алғаш рет. Сондықтан бұл  уақыт өте келе өз нәтижесін береді деген сенімдемін.

Самат Айтқұлов Шымкент қаласы:

_DSC0616

  • Медресе оқымадым, ауылдан мешітте сауат ашқанбыз. Әуелі Алла разылығы үшін, сосын имам болғым келді. Сосын ата дініміздің жолында халыққы пайдамыз тисе. Республика бойынша жалғыз діни оқу орны ғой. Медрселер көп қой, ал бұл жерде діни салада ғалымдар білім беретінін естіп жатырмыз. Оқуға ниеттенгеніме 3,4 жыл болды. Жасым 30-да. Былтыр ағаларымыз тапсырғанда әлі де кеш емес екен деп, биыл бел буып келдік. Егер мемлекеттік білім грантына түсе алмасам да ақылы оқуға ниетім бар.

 

Бүгін басталған шығармашылық емтиханда талапкерлер 7  шілдеге дейін исламтану мен дінтану мамандықтары бойынша шығармашылық емтихандар тапсырады.  Өздеріңіз байқағандай, биылғы өзгеріс дінтану мамандығы бойынша. Яғни биыл талапкерлер бұл мамандықтан    «Кәсіпке жарамдылық» және «Дін негіздері»  пәні бойынша бір ауызша, бір жазбаша түрде шығармашылық емтихан тапсырады. Ал исламтану мамандығынан жылдағыдай ақида-фиқһ, Құран тәжуиді бойынша білім деңгейі сарапқа түседі.

Ал  «5В011900–Шет тiлi: екi шет тiлi» мамандығы бойынша құжаттар қабылдау жалпы ереже бойынша 4 шілдеге дейін. 5-16 шілде аралығында арнайы пән бойынша емтихан 2 кезеңнен тұрады: 1- психологиялық тест, 2- педагогика негіздері бойынша өткізіледі.

Және күнделікті нәтиже сол күні жарияланып, қорытынды база сол күні жабылып отырады.

Кешенді тестілеудің өту мерзімі 17-23 шілде аралығында. Аталған 3 мамандық бойынша да тесттік емтихан Қазақстан тарихы мен қазақ тілі пәндері бойынша өткізіледі.

Мемлекеттік білім грантына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 23-31 шілдеге дейін.

 

talapker20161

 

talapker20163

 

talapker20164

 

talapker20165

 

talapker20166

 

talapker20167

 

talapker20168

 

talapker201610

 

talapker201611