Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінде ҰБТ-ға рұқсатнамалар берілуде

15/06/2020

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Ұлттық тестілеу орталығының  ent2020-tipo.testcenter.kz  сайтына ҰБТ тапсыру үшін тіркелген талапкерлердің құжаттарының түпнұсқаларын қабылдап, ҰБТ тапсыруға рұқсатнама беруде.

Қазіргі таңда өтініш білдірген талапкерлер саны 219 адам.

ҰБТ 1-4 шілде күндері Нархоз университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университеті, Халықаралық бизнес университеттерінде өтеді.

Ал талапкерлер Нұр-Мүбарак университетіне 7 шілдеге дейін  ҰБТ тапсырған сертификатымен келіп, оқуға  құжаттарын  тапсыру керек.

Себебі, 8-13 шілде аралығында шығармашылық емтихан өтіледі.

Ұқсас жазбалар