Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінде Жамбыл облысы дін істері басқармасының басшысымен кездесу өтті (Фото)

03/02/2020

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті  университетінде  исламтанушы, дінтанушы және теолог мамандығы бойынша білім алып жатқан 3-4 курс студентері Жамбыл облысы дін істері басқармасының басшысы Ж.Омаровпен кездесті.

Шара барысында дін проблемаларын зерттеу орталығының басшысы Кенжегүл Сейітханқызы Тараз өңіріндегі діни ахуалға шолу жасады.

Сондай-ақ Нұр-Мүбарак университетінің түлегі, Жамбыл облысы дін істері басқармасының бөлім басшысы  Еркебұлан Ахметұлы студенттермен бірлесіп жұмыс жасау жөнінде ойын білдірді.

Одан өзге студенттер дін істері басқармасының басшысы Жангелді Жайлауұлына көкейтесті сұрақтарын қойып, жас маманға қатысты ақпараттармен  толықтай хабардар болды.

 

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар